Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде түрмеде жазасын өтеп жүріп жұмыс істейтіндер қанша жалақы алады

Опубликовано:

түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде сотталушының жазасын өтеп жүріп жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті ресми сайтында хабарлады. Ведомство мәліметінше, түрмеде жазасын өтеп жүріп жұмыс істейтіндердің жалақысы 25-80 мың теңге аралығында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері аумағында 241 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейтінін жеткізді.

Онда 3 мыңнан астам сотталушы жұмысқа орналасқан.

"Еңбек", "Еңбек-Өскемен" РМК-да және шағын, орта бизнес субъектілерінде жұмысқа орналасқан жазасын өтеушілерге келісімді еңбекақы төленетіні белгілі болды.

"Жалақы мөлшері орындалған жұмыс көлеміне байланысты. Мысалы, сотталып жұмыс істеп жатқандар 25 мыңнан 80 мың теңгеге дейін айлық алады. Ал шаруашылық қызметте еңбек етіп жатқан азаматтарға 30 мыңнан 75 мың теңгеге дейін жалақы белгіленген", - делінген хабарламада.

Қолданыстағы заңнама бойынша, сотталушының міндетті қарызын өтеу сомасы табысының 50 пайызынан аспауы тиіс.

"Егер жалақы 25 мың теңге болса, оның 12,5 мың теңгесі талапты өтеуге кетеді. Осылайша жылына бұл сома 150 мың теңгені құрайды. Әрине, жазасын өтеушінің қарызы ірі көлемде болса, оны түрмедегі жұмыспен өтей алмайды. Жалпы сотталушылардың дені жазасын өтеу кезінде жәбірленуші және мемлекет алдындағы қарызын өтеп үлгереді. Қарызды тез жабуға сотталушылардың өздері де мүдделі. Себебі қарызы жоқ болса, мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігі бар", - деді комитет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989398-elimizde-turmede-zazasyn-otep-zurip-zumys-isteitinder-qansa-zalaqy-alady/

pixel