Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі: сенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жапырақтар
Жапырақтар. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 24 қыркүйек сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, бүгін ел аумағында жауын–шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республика бойынша делдің күшеюі күтіледі.

Сондай-ақ сенбіде Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі сақталады.

Ал Қостанай облысының басым бөлігінде және Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989409-respublika-boiynsa-zeldin-kuseyui-kutiledi-senbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel