Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі колледж жатақханасындағы студенттің өлімі: күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкенттегі колледж жатақханада қайтыс болған студенттің өліміне қатысты іс бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кетейік, бұған дейін полиция студенттің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын және сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлаған болатын.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, сот-медициналық сарапшысының алғашқы қорытындысына сәйкес, өлім тыныс алу жолдарының құсу массаларымен жабылуына байланысты асфиксиядан болған.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша күдіктілер ұсталған.

Еске сала кетейік, оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Шымкенттенгі колледждердің бірінің жатақханасында болған еді.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі көз жұмған жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан кенеттен ол өзін нашар сезінген.

Студенттер жедел жәрдем шақырғанымен, медицина қызметкерлері келгенше, жас жігіт қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989432-symkent-zataqxanasyndagy-studenttin-olimi-kudiktiler-ustaldy/

pixel