Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау тауындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр

Опубликовано:

Көкшетау тауынан шыққан өртті сөндіру барысы
Көкшетау тауынан шыққан өртті сөндіру барысы. Кадр: Polisia.kz

Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өрт ауыздықталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомства мәліметінше, өртті сөндіруге 270-тен адам қатысқан.

"Сағат 11:13-те Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орналасқан Көкшетау тауынынан шыққан өрт ауыздықталды. Өрттің алдын ала аумағы 0,03 га (300 ш.м.) Өртті сөндіруге Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 200-ден астам адамы және "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 70 қызметкері жұмылдырылды.

"Қазавиақұтқару" тікұшағымен 12 рет, 36 тонна су ағызылды. Өрттің таралу қаупі басылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Бурабай маңындағы Көкшетау тауынан өрт шыққаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989480-koksetau-tauyndagy-ortti-sondiru-zalgasyp-zatyr/

pixel