Қостанай облысында шекараны заңсыз кесіп өткен үш ресейлік ұсталды

Опубликовано:

Шекараны кесіп өтпек болған Ресей азаматтары
Шекараны кесіп өтпек болған Ресей азаматтары. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Тобыл" бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Ведомства мәліметінше, шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірген.

"Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде. Оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттерінің бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз", - деді ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989508-qostanai-oblysynda-sekarany-zansyz-kesip-otken-us-reseilik-ustaldy/