Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында итті көлігіне байлап сүйреген "КамАЗ" жүргізушісі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

жүк көлігі
Итті сүйреп бара жатқан жүк көлігі. Фото: Instagram/shelter_beliybim

Әлеуметтік желіде "КамАЗ" жүргізушісі итті көлігіне байлап алып, сүйреп бара жатқан сәті түсірілген видео тарады. Оқиға Алматы облысында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісінде "Белый Бим" үй жануарларына арналған уақытша пана парақшасында жарияланған. Автор бұл кадрдың Талғар ауданындағы Еркін ауылында түсірілгенін айтады.

Бейнежазбадан жүк көлігіне байланған иттің қалай сүйретіліп бара жатқанын байқауға болады.

Видео авторының айтуынша, кейінірек жүргізуші итті шешкен, ол қашып кеткен.

Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Құқықбұзушылық Талғар аудандық полиция басқармасында тіркелді, тексеру аталған бөлімшенің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқықбұзушыны міндетті түрде анықтап, шара қолданамыз", - деді ол.

Желі қолданушылары итті көлікке байлаған адамды жазалауды сұрайды.

Назар аударыңыз! Бейнежазба психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989519-almaty-oblysynda-itti-koligine-bailap-suiregen-kamaz-zurgizusisi-videoga-tusip-qaldy/

pixel