Петропавл әкімдігі "ресейліктерді госпитальге орналастыру" туралы желідегі ақпаратқа пікір білдірді
Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Петропавлда Ресей Федерациясынан келген адамдарды COVID-19 жұқтырғандарға арналған госпитальге орналастырып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfake.
Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.
"Бұл жалған ақпарат", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі басылымға.
Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеген.
"Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында", – делінген министрліктің хабарламасында.
Басылым оқырмандарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылық хабарламаларға сенбеуге шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989602-petropavl-akimdigi-reseilikterdi-gospitalge-ornalastyru-turaly-zelidegi-aqparatqa-pikir-bildirdi/