Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Опубликовано:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: olympic.kz

Қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Астана қаласының соты ресми сайтында.

"2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін де Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылған болатын.

Бизнесмен биылғы жылдың наурыз айында ұсталған еді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомство квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989617-qairat-boranbaevty-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/