Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдегі қандастар үшін "Қазақ картасын" енгізу жоспарлануда

Опубликовано:

Карточка ұстап отырған қыз
Карточка ұстап отырған қыз. Көрнекі фото: Pexels.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазақ картасын" енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің сөзінше, "Қазақ картасы" жоғары деңгейдегі мамандарға немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда масштабтауға ниет білдірген өзге елдің азаматы болып табылатын этникалық қазақтарға беріледі.

"Қандастарымыз жөнінде еш мәселе жоқ. Олардың келуі бүгінгі таңда қолданыстағы заңда толық қамтылған. Сонымен бірге, шетте жүрген, өз бизнесі бар, бірақ елмен тарихи байланыста болғысы келетін этникалық қазақтар да бар.

Сондықтан "Қазақ картасы" деген әлемде қолданып жүрген карталардың бірін қолданбақшымыз. Ондағы негізгі түйін – егер шетелдегі этникалық қазақ сол елде тұра берем, бірақ еліме келіп, бизнес ашып, өз елімнің дамуына үлес қосам десе, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік беріледі және жеңілдетілген визалар беріледі, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігін алады", – дейді министр.

Тамара Асарованың айтуынша, мұндай карталардың саны шектеулі болады. "Қазақ картасы" тек 100 этникалық қазаққа берілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989676-seteldegi-qandastar-usin-qazaq-kartasyn-engizu-zosparlanuda/

pixel