Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік әйел алаяққа 36 млн теңге аударып жіберген

Опубликовано:

Зейнеткер
Зейнеткер. Фото: pexels.com

Ақтөбелік зейнеткер алаяққа алданып, оған 36 млн теңге жіберген. Әйел әлеуметтік желіде танысқан адамның үстінен полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жібермек болған. Ол зейнеткерге сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, шотына ақша аударуды сұраған.

Сонымен қатар, “күйеу жігіт” зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшіп келуге ниетті екенін айтқан.

Оның сөздеріне сенген ақтөбелік зейнеткер пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген.

Қазір осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989698-aqtobelik-aiel-alayaqqa-36-mln-tenge-audaryp-zibergen/

pixel