jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Жаңбырдың соңы қарға ұласады": алдағы үш күнде ел аумағында ауа райы қандай болады

Алматы көшелерінің бірінде кетіп бара жатқан тұрғындар
Алматы көшелерінің біріндегі тұрғындар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 27-29 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, қыркүйектің соңғы аптасында елімізде нағыз күзгі ауа райы күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың мәліметінше, алдағы тәуліктерде ел аумағына суық антициклон әсер етеді.

Салдарынан республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Сондай-ақ аталмыш аймақтарда көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Ал Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Одан бөлек синоптиктер еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейтінін, ал күндіз 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайтынын атап өтті.

Дегенмен республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз 15-23 градусқа дейін жылы болмақ.

"Жаңбырдың соңы қарға ұласады": алдағы үш күнде ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.