Ақмола облысында 80 жастағы қария бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Таяққа сүйенген қария
Таяққа сүйенген қария. Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақмола облысында 10 күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 80 жастағы қария іздестіріліп жатыр. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қожақов Тілектес Бекетұлының жоғалғаны туралы хабарлама полицияға 17 қыркүйекте келіп түскен.

Өтініш берушінің айтуынша, 17 қыркүйек күні сағат 21.00 шамасында 80 жастағы әкесі үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.

"Ер адамның есте сақтау қабілетінің жоғалуынан зардап шегетіні туыстарының алаңдаушылығын тудырып отыр және ол адасып кетуі мүмкін", – дейді полициядан.

Құзырлы орган қазіргі уақытта Тілектес Қожақов туралы мәліметтер полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне жіберілгенін, сондай-ақ әлеуметтік желілерде таратылғанын, арнайы іздеу топтары құрылып, еріктілер мен жанашыр азаматтар көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, қария үйінен шыққан кезде: басында сұр түсті кепка, үстінде көк түсті спорттық жемпір, қара трико, аяғында қара кроссовка болған.

"Егер сіз жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу Көкшетау қаласының полиция басқармасына (Сәтпаев көшесі 1 "А") немесе "102" телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз", – дейді құзырлы орган өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989753-aqmola-oblysynda-80-zastagy-qariya-bir-aptadan-beri-tabylmai-zatyr-foto/