Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов: Өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз керек

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: Үкіметтің Telegram-арнасынан алынды

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов кешегі өткен елдегі көші-қон мәселелері бойынша отырыста айтылған мәліметтерді қазақстандықтар дұрыс түсінбегенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Отырысты бастамас бұрын, кеше үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Осыған орай айтайын дегенім шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз керек.

Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет болуы тиіс.

Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда", — деді Әлихан Смайылов.

Айт кетейік, 26 қыркүйекте Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, онда Ресейден келушілер санының артуына байланысты қалыптасып отырған ахуал талқыланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989756-alixan-smaiylov-oz-elimiz-ben-xalqymyzdyn-muddesinen-zogary-qundylyq-zoq-ekenin-umytpauymyz-kerek/

pixel