Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Көші-қон қызметі шетелдіктерді қабылдайтын қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

полиция қызметкері тұрғынның өтініш-арызын тыңдауда
Полиция қызметкері. Фото: polisia.kz

ІІМ Көші-қон қызметі шетелдіктерді қабылдайтын қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство олар шетелдіктің келгені туралы ішк істер органдарына хабарлауға міндетті екенін еске салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының м.а. Аслан Аталықовтың сөзінше, қонақ үйлердің, хостелдердің, пансионаттардың, жатақханалардың, пәтерлер мен басқа да тұрғын үй-жайлардың иелері, еліміздің көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға тиіс.

"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен болуы қағидаларының" 9-тармағына сәйкес, шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін еске саламыз.

Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі. Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз.

Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған, бұл 306 мың теңгеге тең. Жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталған жағдайда 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген", - дейді Аслан Аталықов.

Оның айтуынша, елге шетелдіктің келгені туралы хабарламаны қабылдайтын тарап үш тәсілмен бере алады.

Бірінші. Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы (vmp.gov.kz немесе egov.kz.) арқылы тікелей хабарлай алады. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттық деректері жеткілікті.

Екінші әдіс. Шетелдікті қабылдайтын қазақстандық жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне хабарлай алады.

Үшінші әдіс. Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасын жүктеу. Бұл жерде смартфонның камерасының көмегімен төлқұжатын сканерлеу арқылы шетелдіктің төлқұжат деректерін жүктеу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ авторизациялаудан өтіп, хабарламаны толтыру қажет. Бұл әдіс бір минут уақыт алады.

"Жеке және заңды тұлғалар заңның осы талаптарын сақтауға міндетті екеніне тағы да еске саламыз. Шетелдік қонақтар өздерінің паспорттық деректерін қабылдайтын тарапқа хабарлауы және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тиіс", – дейді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының м.а. Аслан Аталықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989765-iim-kosi-qon-qyzmeti-seteldikterdi-qabyldaityn-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel