Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ustaz Ulytau жобасы орта мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған аймақтық байқаулардың басталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Жоба
Фото: Kazakhmys Holding

Байқауға Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалаларының және Ұлытау ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері қатыса алады.

Іс-шараны "Қазақмыс" корпорациясының қолдауымен "The Ulytau Educational Foundation" Қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Белгілі болғандай, оқушылар мен оқытушылар үшін жоба аясында екі түрлі байқау қарастырылған.

Осылайша 8-10 сынып оқушылары зерттеу саласында бағын сынай алады. Бұл мектеп оқушылары үшін 25 қыркүйектен бастап "Scientific Discovery that can improve ecology of my native place" ғылыми жобалар байқауы басталды. Байқау үш кезеңнен тұрады. Бүгінгі күні 1-ші іріктеу кезеңі аяқталып, оның нәтижесі бойынша 250 оқушы іріктеп алынды. Енді қатысушылар алдағы уақытта тағы 2 кезеңде өз бақтарын сынайтын болады. Олар – экология тақырыбына зерттеу жасау және жобаны қорғау.

Мектеп
Фото: Kazakhmys Holding

Байқау жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтіп тұр: бірінші орын иелері екі апталық бағдарлама бойынша Ұлыбританияға аттанса, екінші орын алғандар Астанадағы Canada International School мектебі базасында күндізгі лагерьге барады. Ал үшінші орын иелеріне бағалы сыйлықтар табысталады.

Байқау нәтижесі 2023 жылдың наурыз айында жарияланады.

Бұған қоса мектептерде ағылшын тілінде сабақ беретін пән мұғалімдері үшін, "CLIL Master" онлайн-байқауы ұйымдастырылады. Байқаудың басты мақсаты – талантты ұстаздарды анықтап, оларды оқытудың жаңа инновациялық әдістерін енгізуге ынталандыру.

Қатысушылар 4 орын мен 4 арнайы номинация үшін күресетін болады.

Жоба
Фото: Kazakhmys Holding

Білім додасы 1 қарашада басталып, 2023 жылдың сәуір айына дейін жалғасатын болады.

Байқау шарттары туралы толық ақпаратпен қордың www.uef.kz сайтында танысуға болады.

Еске сала кетейік, Ustaz Ulytau жобасын өткен жылы "Қазақмыс" корпорациясының тапсырысы бойынша "The Ulytau Educational Foundation" қоғамдық қайырымдылық қоры іске қосқан болатын. Қор басшылары корпорация болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына үлес қосу мақсатында, ұстаздардың біліктілігін арттыруға және оларды ынталандыруға тұрақты негізде инвестиция салатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989843-ustaz-ulytau-zobasy-orta-mektep-oqusylary-men-ustazdaryna-arnalgan-aimaqtyq-baiqaulardyn-bastalganyn-malimdedi/

pixel