Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Астанада ХҚКО алдындағы ұзын-сонар кезектің видеосы тарады

Опубликовано:

кезек күткен адам
Кезектегі адамдар. Видеодан кадр: tiktok.com/@bagdauletpatyk

Әлеуметтік желі қолданушысы Астанадағы ХҚКО алдындағы ұзын-сонар кезекті видеоға түсіріп алған. Адамдар кезегі ондаған метрге созылған. "Азаматтарға арналған үкімет" Халыққа қызмет көрсету орталықтарының штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында түсірілген бейнежазбаны TikTok желісінде bagdauletpatyk парақшасы жариялады.

Бейнежазба авторының сөзінше, видео Сауран көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығының жанында түсірілген, айтуынша, бұл филиалға шетелдіктер жіберіледі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйекеев бүгінде Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын, кезек жоқ екенін атап өткен.

Сондай-ақ, оның айтуынша, шетелдіктерді қабылдайтын күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталығының сегізінде елге шетелдіктердің ағылуына байланысты кезек бар.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірнеше өңірінде шетелдіктердің көптеп келуіне байланысты жеке күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылған болатын. Олар Астана, Алматы, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Ақтөбе облыстарында пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989848-zelide-astanada-xqko-aldyndagy-uzyn-sonar-kezektin-videosy-tarady/

pixel