Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адам танымастай өзгерген": Аз уақытта 40 келі салмақ тастаған қазақ депутаты сырын ақтарды

Опубликовано:

Депутат Әлия Әбсеметова
Депутат Әлия Әбсеметова. Фото: instagram.com/aliya.absemet/

Танымал депутат, көп балалы ана Әлия Әбсеметова "Jibek Joly" телеарнасына сұхбат беріп, аз уақытта артық салмақтан қалай арылғанын айтып берді. Халық қалаулысының сөзінше, ол дұрыс тамақтанудың арқасында осындай нәтижеге қол жеткізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ләйля Сұлтанқызының "Сұхбат" бағдарламасында өзі жайлы әңгімелеп берген ол соңғы кезде 40 кг тастағанын жасырмады.

"Бұрын салмағым 114 кг болатын. Қазір салмағым 74 кг. Тағы 10 кг тастасам нұр үстіне нұр болатын еді",-деп күлді депутат.

Көп балалы ана сұхбат барысында не себепті салмақ тастағанын да айтып берді.

"Сын айтыла бастады және денсаулық жағдайыма байланысты. Көпшіліктің арасында жүргендіктен солай шештім. Бірақ мен өзімді қандай салмақта болсам да жақсы көрдім. Жолдасым да сондай, менің артық салмағымды сөз етпейтін.
Әлия Әбсеметова
Әлия Әбсеметова салмақ тастағанға дейін және одан кейін. Фото: NUR.KZ/Коллаж

Сосын тағы бір себеп, 37 жасқа толған туған күнімде чаттардың бірінде кейбіреулер менің жасымды 57-де деп ойлапты. Сол кезден бастап ойлана бастадым. Сөйтіп 2021 жылдың наурыз айынан арықтауды бастадым. Интервалды ашығудан бастадым. Мен тәулігіне 20 сағат аш жүріп, 4 сағат қана тамақтандым. Яғни бір рет тамақтанамын, сосын қантсыз, сүтсіз шай, кофе іштім. Көкөністер жеймін. Нанның орнына ірімшік жедім дегендей", - деді депутат.

Айтуынша, көпбалалы ана дәрумендер ішіп, денсаулығын қалыпта ұстайды.

"Күнделікті 15-20 мың қадам жүремін. Салауатты өмір салтын ұстанамын", - деп сырын бөлісті Әбсеметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989876-adam-tanymastai-ozgergen-az-uaqytta-40-keli-salmaq-tastagan-qazaq-deputaty-syryn-aqtardy/

pixel