Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ресейліктердің көптеп келуіне байланысты екі ХҚКО кеңейтілді

Опубликовано:

ХҚКО
ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елордалық билік ресейлік мигранттардың көптеп келуіне байланысты ЖСН рәсімдеу үшін екі ХҚКО-да қосымша орындар ашуда. Бұл туралы әкімдікте өткен брифингте "Азаматтарға арналған үкімет" филиалы директорының орынбасары Динара Қуанышева айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуанышева шетелдік азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуінің саны артқанын хабарлады.

"Осыған байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Сауран, 7 мекен-жайы бойынша орналасқан 20 жұмыс орнына арналған қосымша сектор ашуға шешім қабылдады, сондай-ақ А-82 мекен-жайы бойынша орналасқан "Нұрлы жол" ғимаратында 15 жұмыс орны бар көші-қон қызметі секторы жұмыс істейді",деп қосты ол.

Спикер ЖСН қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ үшінші тұлға жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхаты болуы қажет екенін атап өтті.

Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күні.

Еске салайық, Астаналық ХҚКО-ның бірінде ұзын-сонар кезек видеоға түсірілген болатын. Бұған дейін хабарланғандай, шетелдіктердің көптеп келуіне байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде жекелеген күшейтілген ХҚКО ашылған еді. Олар Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Ақтөбе облыстарында пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989909-astanada-reseilikterdin-koptep-keluine-bailanysty-eki-xqko-keneitildi/

pixel