Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жан жарасы қалып қояды": Психолог жанұядағы ұрыс-керісті көп көрген балалардың қандай болатынын айтты

Опубликовано:

Жұдырық суреті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Соңғы кезде отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі БАҚ беттері мен әлеуметтік желіде жиі жариялануда. Әсіресе күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдер туралы ақпарат көбейген. Осы орайда психолог Құралай Таубаева өз пікірін білдіріп, жанұядағы жанжал мәселесінің төркіні қайда жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Психологтың пікірінше, анасының таяқ жеп өскенін көрген бала өзі есейгенде мұны қалыпты жайт деп қабылдайды.

"Отбасындағы кикілжіңнің себебі көп. Ерлі-зайыптылардың ішімдікке үйір болуы, бір-бірімен өзара байланыс жасай алмауы, стресс алуы, депрессияда жүруі, өз эмоцияларын басқара алмауы, отбасы мүшелерінің өз позициясында болмағаны (мысалы, бар жауапкершілік тек әйел адам мойнында, ер адам өз міндеттерін атқармауы) деп тізе беруге болады.

Бұл жанұяны құрдымға жіберетін өте қауіпті белгілер. Егер отбасында осы жайттар байқалса, дер кезінде ақылға келуі керек. Мамандарға баруы қажет. Әйтпесе, соңы жақсы аяқталмауы мүмкін. Әкесі анасына қол көтеретін отбасында өскен ұл-қыздардың көпшілігі ұрып-соғуды қалыпты нәрсе деп қабылдайды.

Одаг бөлек, біздің менталитетімізде: "Әйел адамның қырық жаны бар", "Қиындықтарға көну керек, төзу керек", "Егер ажырассаң, ата-анаңды жерге қаратасың” деген ұғым қалыптасқан. Өз тәжірибемде осындай жағдайлармен көп кезіктім", - дейді Құралай.

Танымал маман өзінен көмек сұрап келетіндердің басым бөлігінде балалық шақтан қалған жан жарақаты барын жасырмайды.

"30 жастағы бір әйел бар. Ол өзін адам қатарына қоспайды. Өзін өміріндегі көңілі толмайтын жағдайларды өзгерте алмайтын дәрменсіз адам сезінеді. Бір қызығы, дәл осы сезімдер 4 жасында, әкесі анасына қол көтерген кезде пайда болған екен. Ал 24 жастағы бойжеткен өзін үнемі қорғап жүреді. Өзін ылғи мықты, білікті, қатал адам ретінде көрсетеді. Өйткені 9 жасында әкесі анасына қол көтеріп, содан қатты жарақат алған. Кейін өзін ешкімнің кемсітуіне, қорлауына көнбейтіндей етіп тәрбиелейді. Тіпті, тұрмысқа шыққысы келмейді. Жалпы ер адамдардың дөрекі сөйлеуінің, қол көтеруінің астарында: "Сен маған мейірім-махаббатыңды көрсетпей жатырсың, қамқорлық танытпай жүрсің, көңіл бөлмей кеттің" деген мағына жатыр", - дейді психолог.

Құралай Таубаеваның айтуынша, әйел адам нәзіктігін жоғалтпаса, ер адам да қол көтермейді.

"Ер адаммен кикілжің болған кезде әйел адам өзінің нәзік екенін, әлсіздігін көрсетсе, ұрып-соғумен аяқталмайды. Егер конфликт кезінде әйел адам ер адамға жауап қайтарса, ер адам бейсаналы түрде сізді өзіне бәсекелес санап, сізді жеңуді көздейді. Жиі жанжал, ұрыс-керіс көп болатын отбасы мүшелеренің өз-өзін дамытып, ізденгені дұрыс", - дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989912-zan-zarasy-qalyp-qoyady-psixolog-zanuyadagy-urys-keristi-kop-korgen-balalardyn-qandai-bolatynyn-aitty/

pixel