Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрі жалдамалы тұрғын үй нарығындағы дүрбелең туралы: мемлекеттің кінәсін көріп тұрғам жоқ

Опубликовано:

Қанат Мусин
Қанат Мусин. Фото: Egemen.kz

Әділет министрі Қанат Мусин мәжіліс кулуарында ресейліктердің Қазақстанға келуіне байланысты пәтер иелерінің жалдау құнын бірнеше есе көтеріп жібергені себепті билік жаппай наразылықтан қорықпай ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жаппай наразылықтарға ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын", - дейді Қанат Мусин БАҚ өкілдеріне.

Бұл ретте министр жалға берілетін пәтер құнын қазақстандықтардың өздері көтеріп отырғанын алға тартты.

"Әр нәрсені өз атауымен атайық. Бағаның көтерілуі мен жалдау ақысының едәуір өсуін мемлекет емес, қазақстандықтар жасап отыр. Сондықтан не нәрсеге наразылық? Басқа қазақстандықтардың қызметіне қарсы ма? Мен бұл жерде мемлекеттің кінәсін көріп тұрғам жоқ", - дейді министр.

Айта кетейік, көрші Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үй бағасының өскені жайына түрлі хабарламалар пайда болды.

Соңғы күндері елде жалға берілетін тұрғын үй бағасының өзгеруіне байланысты өнер иелері де пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990041-adilet-ministri-zaldamaly-turgyn-ui-narygyndagy-durbelen-turaly-memlekettin-kinasin-korip-turgam-zoq/

pixel