Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ІnDriver компаниясының негізін қалаған кәсіпкермен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Арсен Томскиймен кездесуде
Қасым-Жомарт Тоқаев Арсен Томскиймен кездесуде. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы ІnDriver компаниясының негізін қалаған Арсен Томскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Арсен Томский Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы мәлім еткен.

Компания басшысының сөзінше, Астана мен Алматыда екі кеңсе ашылған.

Сонымен қатар inDriver Astana Hub резиденті атанған.

Одан бөлек Арсен Томский мемлекет басшысына Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарлары туралы айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990053-toqaev-indriver-kompaniyasynyn-negizin-qalausymen-kezdesti/

pixel