Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, қар, көктайғақ: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жауыннан кейінгі Алматы көшесі
Жауыннан кейінгі Алматы көшесі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 29 қыркүйек, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігіне фронталды бөліктердің әсер етуіне байланысты бүгін ел аумағында жауын және қар жаууы ықтимал.

Мәселен, батыс аймақтарда жаңбыр, солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда жаңбыр, қар жауып, еліміздің шығысында қатты жауын-шашын түседі, деп күтілуде.

Тек Қазақстанның оңтүстік-батыс аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталуы мүмкін.

Одан бөлек республика бойынша желдің күшеюі, батыста – найзағай, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, орталықта – тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990135-zanbyr-qar-koktaigaq-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel