Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Опубликовано:

Жылу беріле бастады
Жылу беріле бастады. Фото: pixabay.com

Биыл Астанада жылыту маусымы ауа райына байланысты мерзімінен бұрын басталды. 29 қыркүйекте көпқабатты үйлерге жылу беріле бастаған, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

27 қыркүйектен бастап балабақша, мектеп, медициналық және спорттық мекемелер сияқты мемлекеттік нысандар мерзімінен бұрын жылу жүйесіне қосылған.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, елдімекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр.

Қазіргі таңда Алматы және Сарыарқа аудандары тұрғын үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Қала әкімшілігінің мәліметінше, бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында көмір бағасын бекіту бойынша компаниялармен тиісті меморандумдар жасалған.

Айта кетейік, астаналықтар үшін 109 нөмірі бойынша "жедел желі" жұмыс істеп жатыр. Аталмыш нөмір арқылы көмір қоры, бағасы және қалада көмір сататын орындарда қатты отынның бар-жоғы туралы ақпаратты білуге ​​болады.

Еске сала кетейік, кеше Астанада алғашқы қар жауған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990260-astanada-turgyn-uilerge-zylu-berile-bastady/

pixel