Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін алу тәртібі жеңілдеді

Опубликовано:

ХҚКО-дағы табло
ХҚКО-да табло. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу тәртібі жеңілдетілгенін хабарлады.

Министр бүгін "Жастар" сарайында жедел түрде ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болғанын, жағдайды өз көзімен көріп қайтқанын жазды.

Аталған Халыққа қызмет көрсету орталығы негізгі орталықтарға түсетін жүктемені азайту үшін ашылған болатын.

Оның сөзінше, Ресей Федерациясынан келген азаматтар саны расында да көп, операторлар ұзын-сонар кезекте тұрғандарды қабылдап үлгермеуде.

Бағдат Мусин ХҚКО-дағы ұзын-сонар кезек мәселесін шешу үшін жеке сәйкестіндіру нөмірін алу тәртібі жеңілдетілгенін хабарлады.

"Бүгінгі күнге дейін жағдай былай өрбіді: Ресей азаматтары ХҚКО-ға келіп, құжаттарын ұсынады, олардың деректері базаға енгізілгеннен кейін қайтып, екінші күні ЖСН алу үшін ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да көп уақытын алады. Сонымен қатар ғимараттағы адам санының көптігіне себеп болады"- дейді министр.

Оның айтуынша, енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберілетін болады.

"Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Бұл өз кезегінде адамдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады", - делінген министрдің жазбасында.

Цифрлық даму министрі екінші деңгейлі банктерге ЖСН-нің деректер базасында берілетіні туралы ақпаратты жеткізуге уәде берді.

Бұдан былай нөмірді енгізген кезде кез-келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығатын болады.

Сөз соңында Мусин ХҚКО қызметкерлеріне ештеңеге қарамастан жедел түрде қызмет атқарып жатқандары үшін алғыс айтқан. Министр жағдайды бақылауда ұстайтынын да қоса кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990279-qazaqstanda-zeke-saikestendiru-nomirin-alu-tartibi-zenildedi/

pixel