Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Мөңке би көшесінің бір бөлігі келесі жазға дейін жабылады

Опубликовано:

көше
Көрнекі фото: Grigorenko/Getty Images

Алматыда Саин көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы жол айрығының құрылысына байланысты Мөңке би көшесі бойында көлік қозғалысына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 1 маусымға дейін Мөңке би көшесінің бойымен айналма жолдан Мәмбетов көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.

"Саин көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы көлік жол айрығы құрылысы» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мөңке би көшесінің көлік қозғалысының сұлбасына өзгерістер енгізіледі", - делінген әкімдік хабарламасында.

  • 2022 жылғы 1 қазан сағат 22-00-ден 2023 жылғы 1 маусымға дейін Мөңке би көшесінің бойымен айналма жолдан Мәмбетов көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.
  • Көлік қозғалысы солтүстік және шығыс бағыттарда Ақын Сара және Момышұлы көшелері, айналма жол арқылы жүзеге асырылады.
  • Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.

Аталған жұмыстар жол-құрылыс жұмыстары аясында жоспарланған.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлаулауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990294-almatyda-monke-bi-kosesinin-bir-boligi-kelesi-zazga-deiin-zabylady/

pixel