Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңында ерлі-зайыпты жұп жалдамалы пәтерде мефедрон өндірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

есірткі
Есірткі өндірісі. Фото: polisia.kz

Алматы маңында ерлі-зайыпты жұп мефедрон өндірді деген күдікке ілінді. Қылмыстық өндіріс Іле ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, 36 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел адам ұсталған. Олар ерлі-зайыпты болып шықты.

Ішкі істер министрлігінің ресми ақпараттық порталының дерегінше, жалдамалы баспанасынан екі келіден астам ұнтақты зат, 7 литр сұйықтық құйылған шыны колба, канистрдегі 40 литрге жуық химиялық заттар, 7 келіге жуық ұнтақталған химиялық заттар, есірткіні сатушылардың синтетикалық есірткі – мефедрон жасау кезінде пайдаланған өсімдіктері бар түптері мен құралдары табылған.

"Ерлі-зайыпты нұсқаулықтарды интернет арқылы, ал шикізаттарды жасырылған орындардан алғанын айтқан. Ұсталғандардың сөзінше, "жұмыс беруші" синтетикалық есірткінің әр келісі үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге уәде еткен", – дейді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полицияның хабарлауынша, айғақты заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық істі аумақтық бөлінісі бойынша Алматы облысы Іле ауданының Полиция басқармасы тергеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990307-almaty-manynda-erli-zaiypty-zup-zaldamaly-paterde-mefedron-ondirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel