Жұма күні Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Күз
Күзгі жапырақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері метеорологиялық қызметтің ресми сайтында 30 қыркүйекке арналған Алматы, Астана және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын жариялады.

Ауа райы болжамына сәйкес, Алматыда бүгін 15-17 градус нөлден жоғары, желдің жылдамдығы 2-7 м/c дейін жетеді деп күтілуде.

Шымкенттіктерді жылы ауа-райы күтіп тұр. Мұнда ауа температурасы +23...+25 градусқа дейін көтеріледі, желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Ал Астанада күн суытады, термометр бағаны +3...+5 градусқа дейін ғана көтеріледі. Желдің жылдамдығы 2-7 м/c, кей жерлерде екпіні 5-10 м/c жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990332-zuma-kuni-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/