Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы ЖЭО-да апат орын алғаны туралы желідегі ақпарат расталмады

Опубликовано:

ЖЭО
ЖЭО. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарлық тұрғындар арасында мессенджерлер арқылы ЖЭО-да апат орын алғаны туралы ақпарат таралуда. Қалалық әкімдік бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. ЖЭО-да ешқандай апат орын алмаған, деп хабарлайды Павлодар әкімдігі ресми Instagram парақшасында.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеуде. 26 қыркүйектен бастап қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріле бастаған.

"Бүгінгі таңда 1265 тұрғын үйдің 650-і жылуға қосылды, кеше жылу берілген үйлердің саны 278 болған, яғни, жылу беріліп жатқан тұрғын үйлердің саны күн сайын артып келеді.

Қазір қаладағы барлық жылу желілері белсенді толтырылуда. 6 қазанға дейін қаланың барлық жылу желілерін толтыруды аяқтау жоспарлануда, бұл бірнеше ондаған мың текше метр су. Осыған байланысты кейбір үйлерде суды жылыту параметрлері төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындардан жалған ақпарат көздеріне сенбеуді және жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990347-pavlodardagy-zeo-da-apat-oryn-algany-turaly-zelidegi-aqparat-rastalmady/

pixel