Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лас су кесірінен ауырып жатырмыз": Алматы облысында ауыл тұрғындары ауыз суды өзеннен алуға мәжбүр

Опубликовано:

Өзен
Өзен. Видеодан кадр: КТК

Алматы облысы Кеген ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары су мәселесіне шағымданды. Олар ауыз суды өзеннен алып, қайнатып ішуге мәжбүр болғандарын айтады. Ал қыста жергілікті халық қарды ерітіп ішеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, ауыл шенеуніктері су құбыры мәселесінің қамын қарастырмаған. Сол себепті жергілікті халық суды өзеннен алуға мәжбүр болған.

"Өзеннің қасында тұратындар суды осы жерден алады. Жануарлар да осы жерден су ішеді. Мұнда қоқыс көп. Көктемде қар еріген кезде бәрі батпақ болады. Су қап-қара, лас", - дейді Айдын Қасымов.

Құралай Анлашева ауылда 55 жыл бойы тұрып келеді. Әйелдің сөзінше, бұл өңірде жарты ғасыр бойы ауыз су болмаған. Зейнеткер күнделікті таңертең қолына шелек алып, жақын маңдағы өзеннен су алуға барады.

"Бұл жерде көбінесе егде жастағы адамдар тұрады. Бәріміз осы өзеннен су алып ішеміз. Осы лас судың кесірінен бәріміз ауырамыз. Неге ешкім сынама алмайды? Бұл суда не бар екенін де білмейміз ғой. Не істемедік, ерітеміз, қайнатамыз", - деді ол.

Қыста ауыл тұрғындары қарды ерітетіндерін айтты. Жергілікті халық бірнеше жыл бойы биліік өкілдеріне су мәселесіне шағымдануда.

"Біз өмір бойы осы суды ішіп келеміз. Кір жуған кезде тіптен өзенге бес мәрте барамыз. Мысалы менің жасым 70-тен асты. Маған жүру қиын. Оның үстіне су лас. Немерем аяқ-асты ауырып қалды. Сол судан болған сияқты. Біз шаршап кеттік. Ал әкімдік болса үнсіз. Біздің мәселеміз ешкімді толғандырмайды", - деді Жұмагүл Мекетаева.

Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов аталмыш ауылға жиі келіп тұратынын айтып, су мәселесінен хабардар екенін жеткізді. Алайда ол бұл мәселені шешуге әзірге қауқарсыз екенін алға тартты.

"Қазір су тек бір-екі көшеде ғана бар. Басқа жерде су жоқ. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттаманы құрдық. Құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтуі керек. Ары қарай бюджетке салу керек", - деп түсіндірді ол.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990363-las-su-kesirinen-auyryp-zatyrmyz-almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-auyz-sudy-ozennen-aluga-mazbur/

pixel