Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейліктер Ақтөбедегі жазғы лагерьлерге уақытша орналастырылады

Опубликовано:

шекарадағы жолаушылар
Ресеймен шекаралас Жайсаң бекеті. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

Ақтөбеде "Береке", "Шұғыла" және "Кәмпит" атты жаздық лагерьлер 500 ресейлікті қабылдауға дайын. Бір орынның құны 10-15 мың теңге төңірегінде болмақ. Бұл туралы журналистермен кездесуде өңір басшысы Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы әкімдігінің 29 қыркүйектегі мәліметтеріне сәйкес, соңғы аптада өңірге 7 мың Ресей азаматы келген. Тағы екі мың адам кезекте тұр.

"Пәтер мәселесіне қатысты жағдайдан хабардармын. Жалдау құны тәулігіне 40-50 мың теңгеге дейін өсіп кеткен. Бірақ біздің араласуға құқымыз жоқ. Себебі мораторий жарияланған. Бұл адамдар үшін біз бастысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде бір жарым мың Ресей азаматы ЖСН алды. Бұл дегеніміз олардың біздің елде қалғысы келеді деген сөз. Қалғандары кетуге ниетті", - дейді облыс әкімі.

Ералы Тоғжановтың сөзінше, осында қалуды ұйғарған ресейліктерді жылытқышы бар жаздық лагерьлерге орналастыру туралы шешім қабылданған.

"Лагерьлердің басшылығымен сөйлестік. Олар бізге көмектесуге дайын. Ол жерде қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Бір күнге бір орын шамамен 10-15 мың теңге болады. Ештеңе тегін болмайды. Бұл үш лагерь шамамен 500 адамды қабылдай алады. Олар онда уақытша болады", - дейді өңір басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990454-reseilikter-aqtobe-oblysyndagy-zazgy-lagerlerge-uaqytsa-ornalastyrylady/

pixel