Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төрәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдірахмановтің сөзінше, бұған дейін 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша, ЕҚДБ-да қылмыстық іс тіркелген болатын.

"Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейін, тергеуде істің дұрыс шешілуі үшін қажетті және жеткілікті жағдаяттарды әділ әрі толық, жан-жақты зерттеу үшін заңда көзделген барлық шара қабылданады. Қылмыстық істің барысы мен тергеу нәтижелері Алматы облысы полиция департаментінің бақылауына алынды", - деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" табиғи паркінде жас жігітті соққыға жықты деп айыпталуда.

Бұл оқиғаға қатысты "Көлсай көлдері" табиғи паркі пікір білдіріп, әнші мен туристік фирма өкілі арасында түсініспеушілік туындағанын растады.

Сондай-ақ өзін Төреғали Төреәлінің соққыға жыққанын айтқан жігіт оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990482-ansi-toregali-toreali-qamauga-alyndy-video/

pixel