Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайын атам үйден қуып шықты": Екі баласымен далада қалған шымкенттік келіншек жан сырын айтты

Опубликовано:

Оңалту орталығындағы келіншек сұхбат беруде
Оңалту орталығындағы келіншек. Скриншот: turkistan.tv

Түркістанда тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай тұр. "Көмек" дағдарыс орталығында жатқан екі балалы ананы қайын атасы қыста қуып жіберген. Бұл туралы ол Түркістан арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отбасында қорлық көрген әйел аты-жөнін айтпауды өтінді. Айтуынша, ішімдік ішкен атасы қыс мезгілінде қуып жіберген. 24 жастағы келіншек бүгінде екі баласымен "Көмек" оңалту орталығында күнелтіп жүр.

"Арақ ішеді атам. Екіншімді босанған кезде атам арақ ішіп, үйден бізді қуып жіберді. Қыстың күні екі баламды киіндіріп, такси шақырып, үйден шығарып жіберді. Күйеуім Ресейде жұмыста еді. Келген соң ол да арақ ішіп кетті. Сөйтіп, төркінде жаттым. Шымкентте екі ай екі баламен пәтерде тұрдым", - дейді ол.

Сондай-ақ келіншектің күйеуіне 1 млн теңге несие алып бергенін айтады.

Оның сөзінше, әуеліде несиені енесі төлеп жүрген. Екі баласымен қайын атасы қуып шыққан соң, олар қарызды қайтаруды қойған көрінеді.

Басылымның жазуынша, бұл мәселені Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары қарауына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990493-qaiyn-atam-uiden-quyp-syqty-eki-balasymen-dalada-qalgan-symkenttik-kelinsek-zan-syryn-aitty/

pixel