Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстікте 23 градусқа дейін жылы: демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

күз
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.

Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Елдің батысы мен оңтүстігінде жел күшеюі мүмкін.

Дегенмен алдағы күндері жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.

Мәселен, күндіз еліміздің батысында 17-28 градус, орталықта 3-15 градус, оңтүстікте 10-22 градус, оңтүстік-шығыста 7-13 градус жылы болмақ.

Ал солтүстік-батыста 5-18 градустан 8-23 градусқа дейін, солтүстікте 0-8 градустан 2-11 градусқа дейін, шығыста 0-8 градустан 2-10 градусқа дейін, таулы аудандарда 2 градустан 12-18 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990539-soltustikte-23-gradusqa-deiin-zyly-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel