Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі "Көлсайдағы" жанжалдың неден шыққанын айтты

Опубликовано:

Уақытша ұстау изоляторындағы Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: T.me/POLICE_of_KZ

Әнші Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған жанжалдың себебін түсіндірді, деп хабарлайды ІІМ ведомстволық сайты ресми Telegram-арнасында.

"Уақытша ұстау изоляторында отырған Төреғали Төреәлі "Көлсайда" болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, жанжал жаңа клиптің түсірілімі барысында шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген.

Өзара жанжалдың соңы әншінің жұдырық жұмсауымен аяқталған. Әлеуметтік желіге тараған видеожазбада әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады. Айта кетелік, аталған құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді", - делінген polisia.kz таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" табиғи паркінде жас жігітті соққыға жықты деп айыпталған болатын.

Кейін бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ал бүгін, 30 қыркүйекте әншінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990541-toregali-toreali-kolsaidagy-zanzaldyn-neden-syqqanyn-aitty/

pixel