jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Түйе бағып жүріпті-міс": Алматы облысында зейнеткер жалғыз ұлын төрт айдан бері іздеуде

Жүсіпбай Бекқабұлов
Жүсіпбай Бекқабұлов. Видеодан кадр: Астана арнасы

Алматы облысының тұрғыны, зейнеткер Жүсіпбай Бекқабұлов  жалғыз ұлына іздеу салады. Қария ұлының не тірі, не өлі екенін білмей дал болып жүргеніне төрт айға жуықтаған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қария полицияға да арызданған, өздігінен де іздеп талай жерге барған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.

"Егістікте істейтін, бүлдірген теруге барады сондай жұмысқа баратын еді бұл бала.  Сол маусымның 14-і күні таңертең шыққан, сол кеткеннен жоқ. Біреулер түйе бағып жүріпті-міс дегеннен кейін мен Бақанасқа дейін кеттім. Ақши сол жақтардан іздедім. Малшы қалмады, қойшы қалмады. Түйеші қалмады. Мен кірмеген жерім қалмады", - дейді зейнеткер.

Әкесінің айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын баласы жол апатына түскен. Соның салдарынан ақыл-есінде ауытқуы пайда болған. Жақында ғана 33 жасқа толған баласынан бір хабар ала алмаған әке құзырлылардың баяу қимылын сынға алған.

"Полиция бөліміне күнде барамын. Іздеп жатырмыз дейді. 24 қыркүйек туған күні еді"- дейді қария.

Қария қара суық басталмай жақын маңдағы ауылдарды қайта сүзіп, ұлының суреттерін іліп шықпақшы. Аймақ полициясы телеарнаға іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "адам жоғалу" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адам анықтау бағдары барлық полиция бөлімдеріне жіберіліп, еріктілермен бірлесе іздеу шаралары ұйымдастырылды. Егерде жоғалған тұлға бойынша қандай да бір ақпарат болса полицияға хабарлауыңызды сұраймыз"- дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сайділдин.

Автор: Ә. Лесбек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.