Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық ТЖД отқа оранған үйден әйелді алып шыққан жас жігітті іздеп жатыр

Опубликовано:

өрт қалдығы
Павлодарда өрт болған орын. Фото: Instagram/Павлодар ТЖД

Павлодардың төтенше жағдайлар департаменті отқа оранған үйде қалып қойған әйелді құтқарған қала тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлайды Павлодар қалалық ТЖД баспасөз қызметі Instagram парақшасында.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті 7 қыркүйекте Павлодар қаласы Гоголь көшесі 284 және 286 мекенжайында болған өрттің куәгерлерін іздеуде.

Сондай-ақ жанқиярлық танытып, жанып жатқан үйден әйелді алып шыққан Иса атты жас жігіттің жауап беруін сұрайды.

Айта кетейік, 7 қыркүйек күні сағат 15.56 кезінде 101 пультіне хабар түскен. Қоңырау шалған адам Гоголь көшесіндегі 284, 286 үйлер жанып жатқанын жеткізген.

Жалынды аузыдықтауға 6 техника, 25 құтқарушы жұмылдырылған.

Өрттен 2 азамат зардап шекті. 1957 және 1985 жылы туған әйелдер №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990589-pavlodarlyq-tzd-otqa-orangan-uiden-aieldi-alyp-syqqan-zas-zigitti-izdep-zatyr/

pixel