Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада "Amanat" партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

Опубликовано:

"Amanat" партиясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін "Amanat" партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXІХ конференциясы өтті. Алқалы жиында партияның жаңа Саяси Тұғырнамасының жобасы талқыланып, 6 қазан күні Астана қаласында өтетін партияның кезектен тыс ХXIV cъезіне Сыр елінен делегаттар сайланды. 

Конференция жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, "Amanat" партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросы мүшелері, партияның аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшылары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері, мәслихаттардағы фракция жетекшілері мен мүшелері және "Жастар Рухы" Жастар қанатынің өкілдері қатысты. 

Нұрлыбек Нәлібаев
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жиынды ашқан "Amanat" партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова құжат жобасының бірнеше ай көлемінде түрлі сарапшылар пікірталасының қалыптасқанын атап өтті. 

Маңызды құжат жобасы бұған дейін партияныңбарлық Бастауыш партия ұйымдарында, аумақтық филиалдары конференцияларында талқыланып, бүгін облыстық конференция қарауына ұсынылды.

"Amanat" партиясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жиында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен "Қоғамдық келісім" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, саясаттанушы Сәулет  Сахиев сөз алып, Тұғырнаманың негізгі мақсаты мен онан туындайтын міндеттер төңірегінде кеңінен хабарлама жасады.

"Amanat" партиясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мұнан соң, күн тәртібіне сәйкес конференция шешімімен Сыр өңірінен "Amanat" партиясының кезектен тыс ХXIV Съезіне қатысатын 35 делегат сайланды. 

Жиын соңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сөз алып, талқылауға түскен жаңа Тұғырнаманың ел дамуының жаңа кезеңінің идеологиялық құжаты болатынына сенім білдірді және съезге қатысатын жерлестерге сәттілік тіледі. 

"Еліміздегі қабылданған реформалар сайлау жүйесі мен саяси партияларды дамытуға арналғанын да ескерсек, баршамыз демократия дәстүрлерін одан әрі нығайтып, өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға белсенді қатысуымыз қажет. 

Бұл үшін барлығымыз Мемлекет басшысының әрбір бастамасына қолдау білдіріп, басты құндылықтар болып табылатын – тәуелсіздік, жалпыұлттық бірлік, бәсекеге қабілетті экономика, білімді өркендеген қоғам, заң және тәртіп секілді ортақ басымдықтарды сақтап қана қоймай, оны әрі қарай нығайтуымыз керек", - деді аймақ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990611-qyzylordada-amanat-partiyasynyn-kezekten-tys-konferenciyasy-otti/

pixel