Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вайнер Әзімжан Саидбаевтың Түркияда ұсталуы туралы ақпаратқа Интерпол пікір білдірді

Опубликовано:

Әзімжан Саидбаев
Іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаев. Фото: Telegram/Рустам Абдрахманов

Қазақстан Интерполының Ұлттық орталық бюросы Түркияда белгілі вайнер Әзімжана Саидбаевтың ұсталуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram арнасы.

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдік бойынша іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталуы туралы шетелдік әріптестерден ресми ақпарат әлі түскен жоқ", - делінген Қазақстан Интерполының ҰОБ-сы хабарламасында.

Еске сала кетейік, блогер, вайнер Әзімжан Саидбаевқа биыл ақпан айында Алматыда іздеу жарияланған болатын. Ол Қазақстанда қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінді.

Айта кетейік, бұл іс бойынша белгілі блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов та күдікке ілінген.

Әзімжан Саидбаев – танымал блогер, КВН қатысушысы әрі әзілкеш. Ол көрерменге "Побег из аула" және "Гуд бай, мой бай" фильміндегі рөлдері арқылы танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990620-vainer-azimzan-saidbaevtyn-turkiyada-ustaluy-turaly-aqparatqa-interpol-pikir-bildirdi/

pixel