Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, тұман, үсік: дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жапырақтар
Жапырақтар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 3 қазан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр, жылбысқы қар жауады.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлегінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының шығысында өрт қаупі сақталады. 

Одан бөлек Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік сақталады, сондай-ақ Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990694-zanbyr-tuman-usik-duisenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel