Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көмірді танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы сату жолдары пысықталып жатыр

Опубликовано:

көмір
Көмір. Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметте өткен кеңесте халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша, 2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 73,7 млн тонна көмір өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға көп.

Көмір өндіруші кәсіпорындардың деректері бойынша оның негізгі разрездердегі құны өткен жылғы деңгейде сақталған.

Ал сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу (6 айға) жөнінде шаралар қабылданған. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан бөлек азаматтарға ыңғайлы болуы үшін көмірді танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары пысықталып жатыр. Бұл бағытта еліміздегі ең ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосқан. 

Премьер-министр бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

"Бұл тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", — деді Әлихан Смайылов. 

Кеңес соңында үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, көмірді жеткізіп беру мен бөлуді ерекше бақылауда ұстауы тиіс екенін, ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көмірдің бөлшек сауда бағасының негізсіз өсуіне және мұндай фактілердің орын алуына жол берму қажеттігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990720-komirdi-tanymal-marketpleister-men-bank-qosymsalary-arqyly-satu-zoldary-pysyqtalyp-zatyr/

pixel