"200 мың доллар талап еткен": Алматыда ер адамды ұрлады деген күдікпен 4 адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: Рolisia.kz

Алматы полициясы бейтаныс азаматтар ұрлап кеткен 40 жастағы ер адам тауып, босатты. Бұл іс бойынша күдікті ретінде төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Ахановтың айтуынша, әйел адам күйеуін әлдекімдер ұрлап кеткенін айтып, полицияға жүгінген.

Белгілі болғандай, ер адамды Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан ұрлап кеткен.

"Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы іс-шаралар кешені жүргізілді. Бұл ұрлаушылардың жеке басын және олардың жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғанын жылдам анықтауға мүмкіндік берді.

Ер адамды босату бойынша арнайы іс-шара қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Оны қатты соққыға жыққан және оған медициналық көмек қажет болды.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан", – дейді Дидар Аханов.

Қазір аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер қамауға алынған.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады", - деп қосты Дидар Аханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990764-200-myn-dollar-talap-etken-almatyda-er-adamdy-urlady-degen-kudikpen-4-adam-ustaldy-video/