Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш тәулікте ел аумағында күн жылынады

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК алдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері антициклон және Орталық Азиядан келетін ауа массаларының әсерінен ел аумағында күн жылынады.

Жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын күтілетін батыстың жекелеген аудандары мен оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарын қоспағанда, негізінен республика бойынша құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі.

Мамандар солтүстікте термометр бағаналары күндіз +8 +13-тен +15+20 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде +15 +20-дан +20 +25 градуcқа дейін көтерілетінін болжауда.

Ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында +15 +23 градусқа дейін, шығыста және Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында +5+13 градусқа дейін жылы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990784-aldagy-us-taulikte-el-aumagynda-kun-zylynady/

pixel