Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ойыншық тапаншамен қорқытқан: Қарағанды тұрғыны ойын клубынан 4 млн теңге ұрлап кетті

Опубликовано:

Ер адам тапанша кезеп тұр
Ойын клубында ер адам тапанша кезеп тұр. Скриншот. Фото: Рolisia.kz

Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша ұрлап кеткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, 30 қыркүйек күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы ойын клубтарының бірінде қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілген.

Құқық қорғау мамандарына клуб қызметкері үнемі осы мекемеде ойын ойнап жүрген клиенттің бірі кенеттен тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткенін түсіндірді.

"Күдікті кассадағы 3,9 млн теңгені қолды қылып, оқиға орнынан ізін суытқан. 34 жастағы күдікті азамат анықталды.

Ол сол мекемедегі ойын барысында қомақты қаржысынан ұтылып қалғанын, оның орнын толтыру мақсатында осындай іске барғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ол мұндай іске бару үшін ойыншық тапанша сатып алған. Күдіктіден айғақ зат тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990790-oiynsyq-tapansamen-qorqytqan-qaragandy-turgyny-oiyn-klubynan-4-mln-tenge-urlap-ketti/

pixel