Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерін қарумен қорқытқан полиция майоры қамауға алынды

Опубликовано:

қарумен қорқыту сәті
Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерді атыс қаруымен қорқытқан сәтінен видео тарады. Күдікті қамауға алынды, деп жазады ведомствоның Telegram арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай аудандық полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан. Биыл 22 қыркүйекте осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 29 қыркүйекте күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Ведомство өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайтынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990794-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-kures-qyzmetkerin-qarumen-qorqytqan-policiya-maiory-qamauga-alyndy/

pixel