Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғын үйлерге қашан жылу беріледі

Опубликовано:

Жылу беріле бастады
Жылу беру жүйесі. Фото: pixabay.com

Алматыда әлі де күн жылы, алайда түнде термометр бағаналары 7-9 градусты көрсетеді. Алматыда тұрғын үйлерге қашан жылу берілетіні жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің хабарлауынша, қалыптасқан тәжірибе бойынша жылыту маусымы бес күн бойы тұрақты орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасы +8°С және одан төмен болған кезде басталуы тиіс.

"Алайда, былтырғыдай салқын ауа райы басталса, жылу беру маусымы ерте басталуы мүмкін", - дейді қала әкімдігі.

Ал әзірге олар Астанада жылу берілуде. Қыркүйектің 27-нен бастап бас қаладағы әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар және т.б., ал 29 қыркүйектен бастап – тұрғын үйлер қосылды.

Қазгидромет бүгін Алматыда термометр бағаналары +16...+18 градусқа дейін көтерілетінін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990831-almatyda-turgyn-uilerge-qasan-zylu-beriledi/

pixel