ҰҚШҰ Украина аумағындағы қақтығысқа қатыса ма: СІМ өкілі пікір білдірді

Опубликовано:

Оқу-жаттығудағы әскер
Дүрбімен қарап тұрған әскер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына қатыса ма деген сұраққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына сүйенеді.

"Жалпы алғанда, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық мойындалған аумақтарымен нақты белгіленген және осы аумақтар аясында ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Осылайша, ҰҚШҰ-ның Ресей-Украина қақтығысы аймағынд қатысуы мәселесі күн тәртібінде жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) 1992 жылы Ташкентте (Өзбекстан) құрылды. Оған посткеңестік кеңістіктегі 6 мемлекет – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990843-kun-tartibinde-zoq-syrqy-ister-ministrligi-uqsu-nyn-ukraina-aumagyndagy-qaqtygysqa-qatysuy-turaly-pikir-bildirdi/