Жамбыл облысында ҰҚШҰ оқу-жаттығулары басталды

Опубликовано:

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары
ҰҚШҰ оқу-жаттығулары. Фото: gov.kz

Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының "Өзара іс-қимыл", "Іздеу" және "Эшелон" оқу-жаттығулары өтуде, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқу-жаттығулардың ашылу салтанатына ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайруллоев, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, ұйымға мүше елдер қарулы күштерінің өкілдері қатысты.

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары
ҰҚШҰ оқу-жаттығулары. Фото: gov.kz

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов оқу-жаттығуларға қатысушыларды құттықтай отырып, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі және қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілерінің кәсіби шеберлігін арттырудағы ұйымның маңызды екенін атап өткен.

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары
ҰҚШҰ оқу-жаттығулары. Фото: gov.kz

"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер стратегиялық әріптестер мен одақтастар, ал алдағы оқу-жаттығулар әскери қызметшілердің жауынгерлік шеберлігін және ұжымдық күштер бөлімшелерінің үйлесімділігін жетілдіру құралы ретінде ғана емес, онымен қоса тиімді халықаралық әскери ынтымақтастықты, тәжірибе алмасу бағытындағы іс-қимылды жетілдіру үлгісі", – деді генерал-лейтенант Марат Құсайынов.

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары
ҰҚШҰ оқу-жаттығулары. Фото: gov.kz

Айта кетейік, ұйымның оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі 2022 жылғы 3-7 қазан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990848-zambyl-oblysynda-uqsu-oqu-zattygulary-bastaldy/