Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санкт-Петербургте тұратын Қазақстан азаматы әскери комиссариаттан шақыру қағазын алды

Опубликовано:

Төлқұжат
Қазақстан азаматының төлқұжаты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Санкт-Петербургте тұратын Қазақстан азаматы қаладағы әскери комиссариаттардың бірінен әскерге шақыру қағазын алды. Бұл оқиғаға қатысты Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті 47News басылымының мәліметінше, шақыру қағазы өткен жексенбіде келген.

31 жастағы Қазақстан азаматы коммуналдық қызметкер шақырту қағазын алып келгенде өз пәтерінде болған. Қазақстандық азамат төлқұжатын көрсетіп, шақыру қағазына "Қазақстан азаматы" деген жазу қалдырған.

Басылым шақыру қағазын алған азаматтың 2013 жылы Санкт-Петербургке келгенін, Бонч-Бруевич атындағы телекоммуникация университетінде магистратурада оқып, кейін жұмысқа орналасқанын хабарлады.

2017 жылдан бастап оның Ресей Федерациясында тұруға рұқсаты бар. Ер адам үйленген: оның әйелі де қазақстандық, бірақ ол Ресей азаматтығын алған.

Басылымның мәліметінше, ер адам Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы консулдығы мен елшілігіне бұл туралы хабарлаған. Журналистер шақыру қағазын жіберген Санкт-Петербургтің Мәскеу ауданының әскери комиссариатына хабарласқан. Олар қателік кеткенін айтқан.

Сондай-ақ басқарма қызметкерлері мұндай олқылықтардың орын алып тұратынын мәлімдеген. Мәселен, мүгедекке, тіпті қазір тірі емес адамға шақыру қағазы келген жағдайлар болған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров та еліміздің азаматының басынан өткен оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Әрине, ақпарат базасында сәйкес емес мәліметтер болады. Мысалы, адам Ресейде тұрып жатса, тұруға рұқсат алған болса, бұл азаматтық емес - ол өзінің құжатын әскери комиссариатқа көрсете алады немесе Қазақстан елшілігіне хабарласа алады", - деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990856-sankt-peterburgte-turatyn-qazaqstan-azamaty-zergilikti-askeri-komissariattan-saqyru-qagazyn-aldy/

pixel