Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда түнгі клуб маңында төбелеске қатысқан ресейліктер Қазақстаннан шығарылады

Опубликовано:

Оралда түнгі клуб маңында төбелеске қатысқан ресейліктер Қазақстаннан шығарылады
Оралда түнгі клуб маңында төбелеске қатысқан ресейліктер Қазақстаннан шығарылады. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Оралдағы түнгі клуб маңындағы төбелеске қатысқан Ресей азаматтарының барлығы Қазақстаннан шығарылады. Әкімшілік сот осындай шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі ресми Telegram-каналында хабарлады.

"Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 28-бабының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады", - деп жазды ведомства.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Оралдағы түнгі клубта ресейліктердің төбелескені белгілі болған еді. Тәртіп бұзушыларға қатысты "Ұсақ бұзақылық", "Қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келу" және "Тыныштық бұзу" баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған болатын.

Ал кейінірек 1992 және 1995 жылы туған шетел азаматтары 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990871-oralda-tungi-klub-manynda-tobeleske-qatysqan-reseilikter-qazaqstannan-sygarylady/

pixel