Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда ажырасқысы келген әйелінің пәтерін өртемек болған күдікті анықталды

Опубликовано:

Екібастұздағы пәтерден өрт шықты
Екібастұздағы пәтерден өрт шықты. Фото: Polisia.kz

Екібастұзда өзімен ажырасқысы келген әйелдің пәтерін өртемек болған күдікті анықталды. Ол пәтер иесінің 44 жастағы жұбайы болып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомства мәліметінше, 38 жастағы әйелдің пәтеріндегі балконнан өрт шығып, мүлкі бүлінген.

Өртті Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сөндірген.

Қазіргі уақытта күдікті анықталды. Ол пәтер иесінің 44 жастағы жұбайы болып шықты. Олар 2020 жылдың желтоқсанында үйленген. Қазір ажырасу процесінде.

Айта кетейік, осы іске қатысты тексеру басталды. Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процестік шешім қабылданатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990877-ekibastuzda-azyrasqysy-kelgen-aielinin-paterin-ortemek-bolgan-kudikti-anyqtaldy/

pixel